Атыраулық құтқарушы ең жоғары наградалардың бірімен марапатталды
- Details
- 25.10.2025
Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы күтіміне дайындық деңгейін анықтау мақсатында қорытынды тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Тексеріс жұмыстары облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Атырау облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жауапты "ҚажСервис" ЖШС мекемесінің қысқы маусымға әзірлігі бағаланды.
Тексеру мына негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
– арнайы жол-техникаларының дайындығы;
– көктайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры;
– жол бойындағы жылыту пунктерінің техникалық жай-күйі.
"Тексерудің басты мақсаты – өңір жолдарында көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстар бірінші кезекте азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті мекемелермен бірлескен алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілетін болады" дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Амандық АБДОЛ
Фото: ашық дереккөз