Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Яна Легкодимоваға қатысты қылмысты ашқандар марапатталды

Атырауда аса ауыр қылмысты әшкерелеген полицейлер марапатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысы полиция департаментінде қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталды. ІІМ мәліметінше, тергеу әрекеттерін сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды. Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Аслан Смағұл мен Наурызбек Рахманов "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Ал Серіжан Сабитов пен Гүлфарида Төлегенова "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісіне ие болды.

Марапатқа себеп болған — 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті. Тәртіп сақшылары бейнебақылау деректерін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін марапатталған атыраулық полицейлердің жұмысы — құқық қорғау саласындағы сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Амандық АБДОЛ