Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда департамент пен тұрғын арасындағы дауға нүкте қойылды

Атырау облысының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотында азаматша К.-ның «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-не талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Талап қоюшы сотқа жауапкерді жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді міндеттеу туралы талап қойды.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот талап қоюды қанағаттандырып, Департаментті арыз берілген күннен бастап К.-ның жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін анықтауды міндеттеді.

Сот талап қоюшыға бұрын бір жыл мерзімге II топ мүгедектігі танылғанын анықтады, бұл жауапкер берген мүгедектік туралы анықтамамен расталады. Алайда, Департамент талап қоюшының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспауын негізге алып, еңбекке жарамсыздық дәрежесін белгілеуден бас тартты. 

Сонымен қатар, сотпен талап қоюшының үш жыл ішінде — 2022-2024 жылдары жеке кәсіпкер ретінде әлеуметтік аударымдар жасағаны анықталды, бұл Салық органының құжаттарымен расталады.

Сот талап қоюшының «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелер берген мәліметтер үшін жауап бермейтінін анықтады.

Осылайша, Департамент еңбекке жарамсыздық дәрежесін белгілеуден заңсыз бас тартқан.

Сот бұл істі қарау барысында ӘРПК-де бекітілген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары, оның ішінде әкімшілік процеске қатысушының адал ниеті презумпциясы және азаматтың пайдасына заңнаманың түсініксіздігін түсіндіру бұзылғанын атап өтті.

Анықталған фактілер негізінде сот Департаменттің әрекеттерін заңсыз деп тауып, талап қоюшының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру арқылы бұзушылықтарды жоюға міндеттеді.

Шешім апелляциялық сатының қаулысы негізінде заңды күшіне енді. Орындалу сатысында. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com