Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда отбасылық жанжалдар азаймай тұр...

Атырауда полиция отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

27 қаңтардан бастап облыс аумағында тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы шара аясында №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жанжал жиі орын алатын отбасыларды тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

 

 

Аталған аумақта жыл басынан бері «102» арнасына 100-ден астам хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде 79 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылып, 20 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді. Бұл шаралар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған.

 

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәгері атансаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет. Кез келген уақытта «102» арнасы арқылы полиция қызметкерлерінен кеңес алып, көмек сұрауға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com