Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда браконьерлер 31,7 млн теңге айыппұл арқалады

Былтыр өңірде балық аулауға қатысты 2200-ден астам заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, 10 браконьерлік дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалпы сомасы 31,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

- 2025 жылы ихтиологиялық мониторинг жүргізу, балық аулауды реттеу; сондай-ақ өткен жылғы көктемгі су тасқынынан кейін Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы оқшауланып қалған, қыста қату қаупі бар су айдындарынан балық шабақтарын құтқару бағытында ауқымды жұмыстар атқардық. Нәтижесінде тұқы тәріздес балық түрлерінің 43,3 миллион шабағы құтқарылды,- деді Жайық-Каспий инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстембек Қорқытов.

Инспекцияда балық аулау ережелерін сақтау әкімшілік жауапкершіліктен құтылудың жолы ғана емес, өңірдің экожүйесін сақтауға қосылатын маңызды үлес екені атап өтілді. Айта кету керек, бақылау шаралары жалғасуда, ал ережелерді жүйелі түрде бұзатындарға қолданылатын шаралар қатаңдатылмақ.