Атыраудағы өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының орталығы саналатын «Атырау-Ақпарат» ғимараты қайта жаңғыртудан өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Күрделі жөндеу жұмыстары мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтып, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Облыстық құрылыс басқармасынан білгеніміздей, аталған нысан алғаш рет 2003 жылы пайдалануға берілген болатын. 20 жылдан астам уақыт ішінде ғимараттың инженерлік жүйелері мен ішкі инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігі туындаған. Жаңғырту жұмыстары аясында ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, ішкі бөлмелер заман талабына сай қайта жоспарланды. Сонымен қатар жылыту, электр жүйелері, желдеткіш және қауіпсіздік жүйелері жаңадан орнатылды.
Жаңартылған ғимарат енді өңір журналистикасының дамуына, ақпараттық саясатты сапалы жүзеге асыруға және бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді жұмыс істеуіне жаңа серпін бермек.
Амандық АБДОЛ
