Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Сарыөзек каналында шабақтарға қауіп төнді (+ФОТО)

Атырау облысының балық инспекциясы бөлімі мамандары Алмалы елдімекені тұсындағы жол полициясы бекетінің артындағы Сарыөзек каналында балық шабақтарының жиналып қалғанын анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Сол жерден түсірілген видео TikTok желісінде жарияланды. Көпшілігі – мөңке (карась) балықтары, саны аз және біразы тірі. Шабақ жиналған аумақ шамамен 100 шаршы метрді құрайды, тереңдігі — 1 метр. Сарыөзек каналы Махамбет ауданынан басталып, Жайық өзенінен шамамен 40 км қашықтықта орналасқан.

Каналдың жағдайы үшін «Табиғат» КМК жауапты болғандықтан, ақпарат аталмыш мекемеге және жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді. Қазіргі кезде мамандар қажетті құрал-жабдықтарды әкеліп, шабақтарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыруда.