Атырауда 200-ге жуық ескерткіш қорғауға алынды
- Details
- 14.04.2026
Атырауда 11 адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Түнде 112 пультіне Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері, сондай-ақ медициналық көмек орталығының мамандары жедел жетті. Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар жеті адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.