Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда театр қызметкерлеріне 60 орындық жатақхана салынбақ (+ВИДЕО)

Құрылыс басқармасы театр ұжымының ұсынысын қолдап, жатақхана салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады. Бес қабатты заманауи ғимарат театр аумағындағы тозығы жеткен ескі құрылыстардың орнына бой көтереді. Жатақхана цоколь және техникалық қабатты қамтитын құрылымда жобаланған. Төменгі қабатта инженерлік бөлмелер орналасады, ал бірінші қабатта санитариялық тораптар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген аймақтар қарастырылған. Жоғарғы қабаттарда екі адамға арналған және отбасылық тұрғын бөлмелер, сондай-ақ ортақ ас үй көзделген.

 

Жоба театр қызметкерлерін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың сәулеттік келбетінің жақсаруына да ықпал етпек.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...