Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Исатайда – жаңа бас полицей

Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Еліміздің Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция подполковнигі  Манарбек Үмбеталиев Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Манарбек Ғаділбекұлы 1985 жылдың 13 шілдесінде Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 2006 жылы Қазіргі Гуманитарлық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын сол жылы Атырау қаласындағы ҚР ІІМ училищесінің тыңдаушысы ретінде бастаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау қаласы ҚР ІІМ училищесінің тыңдаушысы болып бастаған.

Одан кейін:

- 2007-2009 жылдары Атырау қаласының Ішкі істер органдары криминалдық полиция бөлімшесінің жеке басына қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі топтың жедел уәкілі;

- 2009-2010 жылдары Атырау қаласының Ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімшесінің жеке басына қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі топтың жедел уәкілі;

- 2010-2014 жылдары Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының № 1 қалалық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі;

- 2014-2016 жылдары Атырау облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының жеке басына қарсы бөлімінің аса ауыр қылмыстарды ашу жөніндегі тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

- 2016-2019 жылдары Атырау облысы ІІД Құрманғазы ауданының ІІД криминалдық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары;

- 2019-2021 жылдары Атырау облысы ІІД Құрманғазы ауданының ІІД криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

- 2021-2022 жылдары ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының діни экстремизмге қарсы іс қимыл бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

- 2022-2023 жылдары ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының екінші бөлімінің бастығы;

- 2023-2024 жылдары Атырау облысы ІІД Жылыой ауданының ІІД криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

- 2024 жылдан бастап ҚР ІІМ Атырау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының бесінші бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ