Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық оқушы «Ақылды үй» жобасының прототипін әзірледі

JasUp жобасының қатысушысы Арсен Аманжолұлы өзі құрастырған «Ақылды үй» жүйесінің жұмыс істейтін прототипін таныстырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жоба ESP Arduino платформасы негізінде әзірленіп, тұрғын үйдегі қауіпсіздікті автоматтандыруға бағытталған.

Арсеннің айтуынша, әзірленген құрылғы тұрғын үйдегі бірнеше техникалық үдерісті қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда менде “Ақылды үйге” арналған құрылғы бар. Ол желдеткішті іске қоса алады, “Алиса” колонкасы, теледидар және басқа да тұрмыстық құрылғыларды басқарады. Температура төмендеген жағдайда автоматты түрде жылытқышты немесе желдету жүйесін іске қосады. Егер үйде газдың шығуы анықталса, құрылғы дабыл жүйесін іске қосып, үй иелеріне ескерту жібереді», — дейді Арсен.

Құрылғы келесі датчиктер жиынтығымен жабдықталған:

  • температура мен ылғалдылық датчигі;

  • газ бен түтіннің шығуын анықтайтын датчик;

  • қашықтан басқару модулі;

  • дыбыстық дабыл жүйесі;

  • «ақылды» розеткаларды қосуға арналған интерфейс.