Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жол құрылысы қарқын алып, сапасына бақылау күшейді

Атырау қаласында соңғы жылдары жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қала ішіндегі көшелер кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Биылғы жылы шаһар аумағында 46 нысанда жол-құрылысы жұмыстары жүргізілді. Құрылыс қарқынымен қатар, оның сапасын бақылау да ерекше назарда. Осы мақсатта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженерлері жыл басынан бері қаланың әртүрлі көшелерінде 155 инспекциялық тексеріс ұйымдастырған.

Тексеру нәтижесінде 32 ақау мен бұзушылық анықталып, оларды жою туралы мердігер мекемелерге тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардың сапасын сараптау мақсатында 396 сынама алынған. Оның 48-і ҚР Стандарттарна сәйкес еместігі белгілі болыпты. 

Сәйкессіздіктерді уақытылы жою мақсатында тапсырыс берушілер мен мердігер мекемеге ұсыным хат жолданған. Мамандардың айтуынша, жүйелі бақылау жұмыстары жолдардың сапасын арттыруға, құрылыс кезінде стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал тұрғындар үшін бұл — қауіпсіз әрі ыңғайлы жол инфрақұрылымы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ