Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда тепловоздың астына түсіп қалған тұрғынға мүгедектер арбасы сыйға тартылды (+ВИДЕО)

Qumash порталының редакциясы 62 жастағы атыраулық Марат ағаға заманауи электрлі мүгедектер арбасын алуға көмектесті. Енді ол заңда белгіленген мерзімді күтпей-ақ, өз бетінше далаға шығып, шаруаларын атқара алады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өткен жылдың жазында журналистер Атырауда тұратын Марат аға туралы жазған болатын. 15 жыл бұрын ол тепловоздың астына түсіп, салдарынан бір қолы мен бір аяғынан айырылған. 2024 жылы мемлекет оған қолмен басқарылатын пластик мүгедектер арбасын берген, алайда ол небәрі бір жыл ғана жарамды болып, істен шыға бастаған. Ал аяғында өзі де мәселе бар жарына бұл арбаны итеру барған сайын қиындай түскен. 

Заң бойынша мүгедектер арбасын жаңасына ауыстыру үшін төрт жыл өтуі тиіс. Марат аға қайтадан көмек сұрап жүгінгенде, Qumash редакциясы бұл мәселеге бейжай қарамай, қолдау көрсетті.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Гүлназ Қосмұрзиева және қоғамдық белсенділермен бірлесіп, заманауи электрлі мүгедектер арбасын сатып алуға қажетті қаражат жиналды.

Енді Марат аға өздігінен далаға шығып, шаруаларын атқарып, өзгелерге тәуелді болмай жүре алады. Жаңа арба тек қозғалыс құралы ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам тарапынан көрсетілген қамқорлықтың символына айналды.

Қоғамдық белсенділер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қолданыстағы заңдарды қайта қарап, мүгедектігі бар адамдар үшін шынайы жағдай жасауды сұрайды.

– Сондай-ақ жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдарына назар аударамыз: мұқтаж жандарға бейжай қарамай, шынымен көмекке зәру адамдарға ұзақ күттірмей қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз, – деп белсенділер әкімдікке үндеу жасады. 

ВИДЕО ОСЫНДА…