Атырау облысында Жангелдин ауылы тұрғындарын өлтірді деген күдікпен бір адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Күдікті — Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Құқық қорғау органдары қылмысқа басқа тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген болжамды да тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда отбасы мүшелерінің туыстары полицияға хабарласып, олардың хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеген.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге және тексерілмеген, жалған ақпаратты таратпауға шақырады.