Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Томарлыда – қайғылы жағдай: үш адам қайтыс болды...

28 желтоқсанда сағат 13:40-та Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан улану фактісі орын алған. Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сәуле МАҒАУ