Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бір отбасы із-түзсіз жоғалды...

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының бірнеше айдан бері қайда екені белгісіз. Олардың жоғалу мән-жайы әлі күнге дейін анықталған жоқ, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, шамамен жарты жыл бұрын ауылдан 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев шығып кеткен. Ол туыстарына Ақтауға жұмыс істеуге бара жатқанын айтқан, алайда кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Бірнеше ай өткен соң, қазан айында отбасының өзге мүшелері де жоғалып кеткен. Олардың ауылдан нақты қай күні кеткені белгісіз. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгілі бір уақыттан кейін отбасының үйінде жарық жанбай қалған, ал телефон қоңырауларына ешкім жауап бермеген.

Туысқандары олармен байланыса алмаған соң, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Отбасының жоғалғаны туралы ресми арыз полицияға 2025 жылдың қараша айының басында түскен. Бағдарламада (ориентировкада) Наурыздың әкесі Мақсот Қарабалин, анасы Насип Өтешқалиева және қарындасы Мирагүл көрсетілген.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, отбасы жоғалғаннан кейін Наурыздың атынан WhatsApp мессенджері арқылы барлық үй малы сатылған. Алайда Наурыздың өзі Жангелдин ауылына келмеген. Туыстарының мәлімдеуінше, малды сатудан түскен қаражат әкесінің Kaspi қосымшасындағы жеке шотына аударылған, содан кейін есепшоттар бойынша қаржылық қозғалыс тоқтаған.

Отбасының үйі әлі де жабық күйде тұр және ресми түрде солардың атына тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін олардың жүріп өткен бағыты немесе қай жерде болуы мүмкін екендігі туралы ешқандай мәлімет алынбаған.

Іздеу хабарламалары Қазақстанның барлық өңіріне таратылғанына екі ай өтсе де, жоғалған отбасының орналасқан жері туралы ақпарат әлі күнге дейін анықталған жоқ.