Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Жайық өзені бойында браконьерлікке қарсы бағытталған рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру барысында қызметтік квадроциклдің абайсызда суға түсіп кету фактісі тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен және құтқару жилеттерімен қамтамасыз етілгендіктен, дер кезінде қауіпсіз жерге шығып, олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілген жоқ. Аталған жағдай бойынша тиісті қызметтер хабардар етіліп, қазіргі уақытта қызметтік техниканы судан шығару және оның техникалық жай-күйін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
"Мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!" дейді мамандар.