Атырау қаласында «Дала Қырандары» жастар бірлестігі 2026 жылғы алғашқы есірткіге қарсы рейдін өткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жұбан Молдағалиев көшесінде қараусыз қалған тұрғын үй анықталды. Онда көптеген есірткіге тәуелді адамдардың жүргені белгілі болды. Ғимарат ішінен есірткі жарнамасы бар жазбалар мен адам денсаулығына қауіпті қалдықтар табылды.
Бұған дейін белсенділер қала аумағында есірткінің таралуына қарсы күрес аясында осындай шамамен 250 заңсыз жазбаны жойған.
«Бұл – қоғам қауіпсіздігі мен жастардың болашағына бағытталған нақты іс-шаралар», – деп атап өтті рейдке қатысушылар.