Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда полицейлер ұсталды...

Атырауда екі полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, Мақат ауданының тұрғыны полицейлерге 300 мың теңге берген. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл қаражат мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартпау мақсатында алынған. Кейін ер адам ақшасын қайтаруды ұйғарып, Атырау облысының полиция департаменті жанындағы өзіндік қауіпсіздік қызметіне арызданған. Өтініш 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркеліп, сол күні сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілер жалпы жиналыс өтіп жатқан сәтте ұсталған.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан босатылды.