Атырауда көппәтерлі тұрғын үйдегі өрттің таралуына жол берілмеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бүгін Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйден түтін шыққаны туралы шақыру түсті. Құтқарушылар жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт салдарынан 2-қабатта орналасқан пәтердің жатын бөлмесі бүлінді. Өрт 25 минутта толықтай жойылды. Өрттің таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұрайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ