Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Сарайшық» базарында «жеңілдіктер түні» өтеді (+ВИДЕО)

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Атырау қаласының тұрғындары үшін «Сарайшық» қалалық базары маңында дәстүрті «Жеңілдіктер түні» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Аталған шара аясында қала тұрғындарына ауылдардан тікелей жеткізілген табиғи әрі сапалы өнімдер делдалдарсыз, сауда үстемақысыз ұсынылады. Осыған байланысты жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан едәуір төмен, ал өнім сапасы жоғары болмақ.

Сауда сөрелерінде облыстың түкпір-түкпірінен келген ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдері қойылады. Фермерлер тауарларын қалаға өздері әкеліп, сатып алушыларға тікелей сатады.

Мұндай жәрмеңке баршаға тиімді: ауыл еңбеккерлері өз өнімдерін әділ бағамен өткізсе, қала тұрғындары қолжетімді бағамен жаңа әрі балғын азық-түлік сатып ала алады.

Аман ШАМАР

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ...