Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда көпірден секірмек болған тұрғынды фельдшер құтқарды

18 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Алиев көпірінде орын алған оқиға №5 қалалық емхананың жас фельдшері Мейірман Құсайынның кәсібилігі мен адами болмысының жарқын көрінісіне айналды, сообщает корреспондент AtyrauTODAY.

 Жұмыстан қайтып келе жатқан сәтінде ол көпір үстінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды байқап, бір сәтке де кідірместен көмекке ұмтылды.Мейірман сабырлы үнмен азаматқа жақындап, онымен әңгіме бастайды. Әр сөзінде үлкен жауапкершілік, жанашырлық және сенім бар еді. Ол ер адамның психологиялық күйін түсінуге тырысып, өмірден түңілмеуге шақырып, үміт отын қайта жағуға күш салды.

 

Сонымен қатар фельдшер дереу 102 және 103 қызметтеріне хабарласып, тиісті мамандардың жедел жетуін қамтамасыз етті. Көмек келгенге дейін шамамен алты минут бойы ол азаматты жалғыз қалдырмай, қасынан табылып, оның өмірге деген сенімін жоғалтпауына барынша қолдау көрсетті.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде келіп, ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша, жас медицина қызметкерінің батыл шешімі мен кәсіби әрекетінің арқасында бір адамның өмірі сақталып қалды.

Мейірман Құсайын бүгінде Атырау қаласындағы №5 қалалық емханада учаскелік фельдшер болып қызмет атқарады. Қызмет жолын бастағанына аз уақыт өтсе де, ол өз мамандығына адалдықпен қарап, адам өміріне жауапкершілікпен қарайтын үлгілі мамандар қатарынан көрініп үлгерді.

«Адам өмірі — ең қымбат құндылық. Бұл тек қызмет барысында ғана емес, күнделікті өмірде де басты қағида болуы тиіс. Қай жерде жүрсем де, мүмкін болған жағдайда көмек қолын созу — мен үшін азаматтық парыз», — дейді Мейірман Құсайын.
Бұл оқиға — денсаулық сақтау саласындағы мамандардың тек жұмыс орнында ғана емес, кез келген жағдайда адам тағдырына бейжай қарамай, нағыз адамгершілік пен жанқиярлық таныта білетінін тағы бір дәлелдеді.