Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысында қасқыр мен шибөріге аңшылық маусымы ашылды (+ВИДЕО)

Атырау облысында қасқыр мен шибөріге аңшылық маусымы ашылды. Рұқсат алу үшін өтінімдерді 5 қаңтардан бастап электронды портал арқылы беруге болады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Биыл қасқыр атуға – 1067 бас, ал шибөрі атуға – 1357 бас лимит белгіленді. Аңшылық тек белгіленген аумақтарда, атап айтқанда бекітілген аңшылық алқаптарында және резервтік қор жерлерінде ғана жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, маусым басталар алдында жабайы жануарлар санына есеп жүргізілген. Қазіргі таңда өңірде 2 мыңнан астам қасқыр және шамамен 3 мың шибөрі тіркелген.

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ...