Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудағы орталық көпірдің тағдыры не болмақ?

Атырауда апатты деп танылған Орталық көпірдің екі жағынан екі жаңа көпірдің құрылысы басталады, деп хабарлайды Atyrau Today тілшісі.

Бұл туралы өңір басшысы тұрғындар алдында берген есептік кездесу барысында мәлімдеді. Жаңа нысандар жол айрығымен жабдықталып, бұл қаладағы автокөлік қозғалысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, қосымша көпірлер салу туралы шешім құрылысты жылдам әрі сапалы жүргізуімен танымал қытайлық компанияның жобасы негізінде қабылданған. Орталық көпір сақталады, ал жаңа көпірлер Атыраудағы көлік қозғалысының қолайлылығын қамтамасыз етіп, көлік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.