Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда ерекше аялдама пайда болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай атыраулық құтқарушылар ескі өрт сөндіру ЗиЛ көлігін арт-аялдамаға айналдырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Аялдама «Геолог» шағынауданында орнатылып, қазірдің өзінде жергілікті тұрғындардың сүйікті нысанына айналды.
Бұл аялдама тек сән үшін емес — мұнда төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережелері мен жедел қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген.

Жобаны №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өз қолдарымен ойлап тауып, жүзеге асырған — дизайннан бастап бояуға дейінгі барлық жұмысты өздері атқарған.

«Бұл 1988 жылғы ескі көлік еді. Барлығын өз күшімізбен жасадық — адамдарға ұнады, суреттер әлеуметтік желілерде кеңінен таралды», — дейді өрт сөндірушілер.

Жаңа аялдама бірліктің, шығармашылықтың және құтқарушы мамандығына деген құрметтің символына айналды. Енді «112 Құтқарушы» — Атыраудағы ең көп талқыланатын орындардың бірі.