Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жол апатынан 5 адам қаза тапты... (+ВИДЕО)

4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Үмітовтің айтуынша, оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.



Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады.

Амандық АБДОЛ

Фото: ШҚО ПД