Атыраудағы «Baizaar» сауда және ойын-сауық орталығында бүгін жалған хабарламадан кейін эвакуация жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
«AtyrauOil» парақшасының хабарлауынша, ғимаратты полиция мен төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері уақытша қоршауға алып, барлық келушілер мен қызметкерлерге ғимараттан шығу туралы өтініш жасалған. Тексеру нәтижесінде қауіптің расталмағаны анықталды.
Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Сауда және ойын-сауық орталығының жұмысы біртіндеп қайта қалыпқа келтірілуде.
Фото: «AtyrauOil»