Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда әкімдік шенеуніктің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Құрманғазы аудандық әкімдігінің ұжымы өмірден өткен әріптесінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

"Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы - Имашев Қуаныш Мусаұлы қайғылы жағдайда өмірден өткені жайындағы хабарды зор өкінішпен растайды. Орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамыз. Істің мән-жайын құзырлы құқық қорғау органдары анықтауда. Құрманғазы ауданы әкімдігі тергеу шараларына қолданыстағы процедуралар шеңберінде тиісті қолдау көрсетуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан расталмаған ақпараттар таратпай, негізсіз болжам жасамауды сұрайды" делінген аудандық әкімдік хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ