Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда автобус жол апатына түсіп, бір адам көз жұмды

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігі), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Биыл 7 шілдеде Құлсары қаласында автобус жүргізушісі О. көше қиылысында жол жиегіндегі жол белгісін елемей, кәмелетке толмаған Б.-ның басқаруындағы мотоциклмен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған Б. есін жимастан ауруханада қаза болған.

Прокурор сотталушыға 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Аталған қылмыс онша ауыр емес қылмыс, абайсызда жасалған әрекеттер санатына жатады және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушының асырауында жас балаларының болуы, бұрын сотталмағаны – жаза мен қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Мұндай жағдайларда, ҚК-тің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, жаза тағайындау барысында мерзім осы баптың санкциясында көзделген ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауға тиіс, яғни 2 жыл 6 ай. Сотталушы ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстрация