Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық жастардың рухани тәрбиесі төмендеп бара ма?

Атырауда жастардың рухани тәрбиесін күшейтуге бағытталған форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау қалалық білім бөлімінің, облыстық және қалалық прокуратураның бірлескен ұйымдастыруымен "Жастардың рухани иммунитеті – қоғам мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігі" атты форум өтті. Облыстық ПД-нен білгеніміздей, ауқымды шараға 14 мыңнан астам педагог пен оқушы қатысты. Іс-шараға қалалық прокуратура, облыстық дін істері басқармасы, полиция қызметкерлері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, мектеп президенттері және белсенді оқушылар қатысып, жастардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту, олардың дүниетанымына оң әсер ету жолдарын талқылады. 

Іс-шарада жасөспірімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, олардың дүниетанымына оң әсер ету және қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастар саясаты, дін, құқықтық мәдениет және қоғамдық даму бағыттарындағы өзекті тақырыптар қозғалып, ішкі істер органдары өкілдері кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың жай-күйі туралы атап өтті

Амандық АБДОЛ