Құлсары қаласында кәмелетке толмаған (2010 жылы туған) Жұлдызай Мусагалиева іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Полицияның мәліметінше, ол 24 қазан күні шамамен сағат 17:00-де үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
"Бойы орташа, үстінде қара түсті спорттық киім, қара шалбар және ақ түсті кроссовка болған. Қасында қоңыр сөмкесі мен қара қаптағы "iPhone 11" телефоны болған. Жұлдызайдың жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан дереу 102 нөміріне хабарласу сұралады" делінген хабарламада.
Аман ШАМАР