Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Облыстық басқарма басшысы П. Хасановтың 2025 жылғы 3 қарашадағы №274/01-2 бұйрығымен Женисова Анар Женисовна басқармаға қарасты №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
Женисова Анар Женисовна 14 қараша 1977 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген.
1994 – 1998 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Информатика пәнінің оқытушысы және компьютер менеджері» мамандығы бойынша, 2018 – 2024 жылдары Басты Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылы №16 Жылыой аудандық мектебінде бастап, №12, Атырау қаласында №18Атырау колледжінде, Ақтоғай орта мектебінде Ақпараттық жүйелер және технология орталығында “информатика пәнінің мұғалімі” қызметін атқарған.
2009 – 2010 жылдары Облыстық “Ақбота” балалар үйінде, “V-Kart.kz» мекемелерінде психолог, кадр инспекторы қызметтерінде атқарған.
2010 – 2023 жылдар аралығында Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыспен қамту секторы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметінен бастап басшы қызметіне дейін атқарды.
2024 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бас маман лауазымын атқарған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ