Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда биыл 5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

2025 жылдың басынан бері Атырау облысында 5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Бұл туралы өңірлік Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті хабарлады. 

Ресми мәліметтерге сәйкес, көрсетілген қызметтердің жалпы санының ішінде:

  • 28,6 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілген;

  • 180,5 мың қызмет — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген;

  • 5,28 миллионнан астам қызмет — электрондық форматта ұсынылған.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы он айда департаментке 92 өтініш пен шағым түскен. Тексеру нәтижесінде 61 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ қашықтан бақылау жүргізу арқылы департамент тағы төрт азаматтың құқығын олардың қайта өтініш бермей-ақ қорғап шыққан.

Бұдан бөлек, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Он айдың ішінде мемлекеттік қызметтер басқармасына 92 өтініш түсті. Тексеру қорытындысы бойынша 61 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Сонымен қатар қашықтан мониторинг жүргізу барысында департамент төрт азаматтың да құқығын қорғады. Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша қолайлы әрі ашық ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеміз», — деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Шолпан Кайненова.

Департамент өкілдері атап өткендей, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Әлия ЖАМИТОВА