Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау халықаралық әуежайында не болған?

Атырау халықаралық әуежайында қолма-қол шетел валютасын заңсыз әкету фактілері тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекеті басшысының орынбасары Айбек Саспанов мәлімдеді.

2022 жылғы 14 наурыздағы №830 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ел аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады. Бұл шара мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және заңсыз капитал әкетудің алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылардың қол жүгін және жүгін тексеру барысында валюталық шектеуді бұзған бірнеше жағдайды анықтады. Биыл барлығы 10 әкімшілік іс қозғалып, сот органдарына жолданды, – деді А. Саспанов.

Спикердің айтуынша, қазір 7 әкімшілік іс бойынша сот органының шешімі шыққан. Нәтижесінде 1,5 млн-ға жуық теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 мың АҚШ долларынан асатын қаржы тәркіленді.

– Мұндай жағдайлардың басым бөлігі азаматтардың қолданыстағы талаптарды білмеуінен туындайды. Сол себепті шетелге шығатын жолаушыларға алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Брифинг соңында спикер азаматтарға шетелге шықпас бұрын қолма-қол қаржыны әкету ережелерімен танысып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.