Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бірнеше газ құю станциялары жұмысын тоқтатты

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірдегі автогаз құю станцияларында тексерістер мен алдын алу шараларын өткізді. Нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталып, бірнеше нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасынан білгеніміздей, бүгінде өңірде 41 субъект автокөлікке жанармай және сұйытылған газ құю қызметін көрсетеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің есебінде қысыммен жұмыс істейтін 218 бірлік жабдық тіркелген.

Аудан әкімдіктерінің сұранысы бойынша Жылыой, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында жұмыс топтары стационарлық автогаз құю станцияларының қызметіне алдын ала бақылау жұмыстарын жүргізді.

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер барысында ДЧС мамандары өңірдегі газ және газбен жабдықтау саласында жұмыс істейтін бірқатар ірі және шағын кәсіпорындарды қамтыды. Атап айтқанда, «Promgaz BP» ЖШС-інде жоспарлы, ал «Гаухар», «Амина», «Халелова» жеке кәсіпкерлерінде, сондай-ақ «НИЕТ ЛТД» ЖШС, «СнабСтройСервис» ЖК, «Metan Gaz» ЖШС, «Архитектура, дизайн и проектирование» ЖШС және басқа нысандарда жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы *412 860 теңге* көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілді. Бірнеше кәсіпкерлік нысан анықталған бұзушылықтар бойынша қызметін уақытша тоқтатты.

Жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында қауіпті өндірістік нысанның құрылысына арналған жобалық құжаттаманың болмауы және әлеуметтік нысандардан минималды арақашықтықтың сақталмауы бар.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024–2025 жылдары автогаз құю станцияларының иелерімен және қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдаланушылармен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау және апаттардың алдын алу мәселелері бойынша бірқатар жиналыстар мен конференциялар өткізді.

Лия НҰРТАЙ

Фото: azh.kz