Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда полиция пәтерлерді тексеруде (+ВИДЕО)

Атырау қаласында 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Осы бағытта Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары мен Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп, көпқабатты тұрғын үй кешендерінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – учаскелік инспекторлар қызмет көрсететін аумақтарда құқық бұзушылықтың алдын алу, экстремизм мен терроризм көріністеріне жол бермеу, тұрғындармен сенімге негізделген өзара қарым-қатынас орнату, сондай-ақ пәтерлерді заңсыз жалға беру деректерін анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында 250 пәтер тексеріліп, оның ішінде 25 жалдамалы пәтер анықталды. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы, яғни Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру дерегі бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары барысында күдік тудырған 6 тұлға анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Атырау қаласы полиция басқармасы тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Амандық АБДОЛ