Индер ауданының Бөдене ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Аталған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталып, құрылыс мерзімі 8 ай болып белгіленген. Аудан әкімінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, жобаның мердігері – «ARSM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазіргі таңда ғимараттың темір конструкциялары орнатылып, сыртқы қаптау және ішкі тас қалау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, нысанның сыртқы инженерлік желілері тартылып, инфрақұрылымдық жұмыстар толық аяқталған.
Кешеннің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстану үшін қолайлы жағдай туғызады.
Амандық АБДОЛ