Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысында жоғалған қыз табылды...

Екі апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева аман-есен табылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұған дейін 24 қазан күні Құлсары қаласында мектеп оқушысының үйінен шығып, қайта оралмағаны туралы хабарланған болатын.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің және Ақтөбе облыстық полициясының бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз Ақтөбе қаласынан табылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, олардың жүрген жерін қадағалап отыруға шақырады.

Аман ШАМАР