Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Автожол қызметкерлері күні аталып өтті

 

 

Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала ардагерлері мен мамандарына түрлі марапаттар табыстады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

«Еңбек ардагері» медалімен төрт, «Құрметті жолшы» төсбелгісімен бес, «Құрметті жүргізуші» төсбелгісімен төрт, «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен үш адам марапатталды. Одан бөлек ҚР Көлік министрінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты, ҚР Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен», облыстық Мәслихат төрағасының алғыс хатымен жалпы саны елуден астам адам марапатталды.

 

 

⁃ Бірлесіп атқарған жұмыстарыңыздың арқасында аймақта үлкен жобалар іске асып жатыр. Атырау-Астрахань шекарасындағы өткізу бекетінде жүк көліктерінің кезегі мәселесін шешу үшін алдағы уақытта жолақтар саны сегізге дейін көбейтіледі. Сонымен қатар Атырау-Доссор жолын бірінші санатқа ауыстыру үшін қаржыландыру жұмыстары жүріп жатыр. Баршаңызға ерен еңбек пен маңдай теріңіз үшін алғыс айтамын. Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын!- деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

 

 

Қазір Атырау өңіріндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6500 шақырымға жуықтайды. Биыл аймақтағы 45 елді мекенде 78 жоба іске асырылады. Олардың аясында 230 шақырымнан астам жол жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 82 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.

 

Облыстағы жолаушылар тасымалы жүйелі жолға қойылған. Қазір 95 бағытта 12 мекеме қызмет көрсетіп, қала мен барлық аудан арасында қатынас қамтамасыз етілген. Биыл жаңа автопарк ашылып, 90 заманауи автобус сатып алынды, олардың 48-і қазан айында іске қосылды. Сонымен қатар «Ашық аспан» режимі енгізіліп, халықаралық әуежай мен 9 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұл жұмыстарлы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.