Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Америкалық азамат қарттар үйінде қазақша ән шырқады

Өткен демалыс күндері Атыраудағы қарттар үйі әуен мен күлкіге бөленді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 «Теңіз Жүрегі» еріктілер ұйымы қыркүйек пен қазан айында туған күн иелеріне арналған нағыз мерекелік шара өткізді. Құттықтаулар мен сабын жасау бойынша шеберлік сабағынан бөлек, тұрғындарды ерекше тосынсый күтіп тұрды. Қарттар үшін гитарамен ән орындаған — америкалық Джон Ригби. 

Ең қызығы, ол әнді қазақ тілінде шырқады! Екі жылдан бері ол «Тенгизшевройл» компаниясында жұмыс істейді, қазақ мәдениеті мен музыкасына қызығады, жергілікті орындаушылардан шабыт алып, өзі де ән жазады.

Ерекше әсер қалдырған сәт — Джонның өзі жазған «Қалайсын» әнін орындауы болды. Сондай-ақ ол Марсельдің шығармашылығынан шабыт алған «Бұл өмірде» әнін де орындады. Қарттар үйінің тұрғындары шын жүректен қол шапалақтап, эмоцияларын жасыра алмады.

«Мен АҚШ-танмын, бірақ соңғы он екі жылға жуық уақыт бойы үзіліспен Қазақстанда, Атырау облысында өмір сүріп, жұмыс істеп келемін. Бұл жер менің екінші үйім болды деу — аздық етеді. Мен бұл елге шын жүректен бауыр басып, Қазақстанды және оның халқын терең сүйемін», — дейді Джон Ригби.

Бұл күн Атырау қарттары үшін шынайы рухани мерекеге айналды. Джон музыка тілінің бәріне түсінікті екенін тағы бір дәлелдеді.

Әлия ЖАМИТОВА