Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған болатын. Осы орайда, біз Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері Нұрсұлтан Қайырғалиұлымен жақынырақ танысқанды жөн көрдік, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ол жас мамандарды кәсіби шеберлікке баулып, ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті кадрлар даярлау ісіне зор үлес қосып келеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі 1980 жылдан бері аймақ жастарына сапалы білім мен кәсіби дағдылар беріп келе жатқан білім ошағы. Қазіргі таңда оқу орнында 6 мамандық бойынша 247 студент білім алуда. Колледждің басты мақсаты – өңірдің еңбек нарығын білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету және жастарды еңбекқорлық пен жауапкершілікке баулу.
Осындай еңбекқор ұстаздардың қажырлы еңбегі мен білім ордаларының бірлескен жұмысы – Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының берік негізі.