«Бейбарыс» хоккей клубы алдағы үйдегі матчтарын Атырауда емес, Көкшетауда өткізетін болды. 15 және 16 қыркүйекте «Арланға» қарсы өтетін ойындар қарсыластың мұз айдынында ұйымдастырылады. Бұған Атыраудағы мұз сарайындағы техникалық мәселелер себеп болып отыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мәселе кәсіби хоккеймен ғана шектелмейді. Спорттық инфрақұрылымның жағдайы балалар командаларына да кері әсерін тигізуде. Ата-аналар @golovoi_ob_led бағдарламасына жаппай хабарласып, жаттығу өткізу кезінде қиындықтар туындап жатқанын айтуда. Олардың сөзінше, Атыраулық балалар өзге қалалардағы құрдастарынан спорттық дайындық жағынан қалып қоя бастады.
Өз мұз айдынынсыз «Бейбарыс» пен жастардың «Жас Батыр» командалары да қалды. Шамамен екі ай бойы олар оқу-жаттығу жиындарын Павлодарда өткізуге мәжбүр болған. Бұл клубқа айтарлықтай қаржылық шығын әкелді.
Қала тұрғындары бұл мәселеге билік тарапынан енді нақты назар аударылып, Атыраудағы хоккей инфрақұрылымы мәселесі түбегейлі шешіледі деп үміттенеді.
Әсіресе бұл жағдай Атыраудың елдегі экономикалық әлеуеті жоғары өңірлердің бірі саналатыны аясында өткір көрінеді. Экономикасы қуатты өңірде спорттық инфрақұрылым да соған сай дамып, кәсіби спортшыларға да, балаларға да тұрақты жаттығу жағдайы жасалуы тиіс.