3–6 сәуір аралығында Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау қаласының спортшысы Аида Хайруллина алтын медаль жеңіп алып, елдің бес дүркін чемпионы атанды. Жарыс «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» дисциплиналары бойынша өтті. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Алда Аиданы халықаралық жарыстар күтіп тұр: Дубайда өтетін Азия чемпионаты, Қырғызстандағы әлем чемпионаты және Түркияда ұйымдастырылатын Әлем кубогы.
Айта кетейік, бұған дейін спортшы Gamma MMA және қоян-қолтық ұрыс бойынша әлем чемпионы атанған, сондай-ақ муайтайдан әлемдік және азиялық турнирлердің жүлдегері болған.
Спорттан бөлек, Аида Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде аға анықтаушы болып қызмет атқарады.