Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық дәрігер «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әйел дәрігерлер марапатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Марапатталғандардың қатарында Атырау облыстық ауруханасы директорының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары, дәрігер-гематолог әрі өңірдің штаттан тыс бас гематологы Гүлфайрус Дахиева бар.

Ол Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989 жылдан бері Атырау облыстық ауруханасында еңбек етіп келеді.

2003–2018 жылдары гематология бөлімшесін басқарып, саланың дамуына үлес қосып, емдеудің заманауи әдістерін енгізумен айналысты.

2020 жылдан бастап аурухана директорының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар өңірдегі гематологиялық қызметтің дамуын үйлестіріп, жас мамандарды даярлауға да атсалысып жүр.