Атыраудың «Бейбарыс» хоккей клубы чемпионат аясындағы алғашқы үй матчтарын өз алаңында өткізеді. Команданың қарсыласы – қазіргі чемпионат көшбасшысы саналатын «Номад» хоккей клубы, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ойындар 23 және 24 қыркүйек күндері Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында өтеді. Екі кездесу де сағат 19:00-де басталады.
Жергілікті команда жанкүйерлерін маңызды ойындарда «Бейбарысты» қолдауға шақырады. Матчтар хоккей сүйер қауым үшін тартысты спорттық бәсекеге айналмақ.
Жанкүйерлерді сүйікті командасына қолдау көрсету үшін Мұз сарайының трибуналарынан көруге шақырады.

