Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда не болған?

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (бөтен мүлікті қасақана бүлдіру), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Сотта анықталғандай, Н. Құлсары қаласының 8-ауылында орналасқан «К» ЖШС-нің базасында аталған серіктестікке тиесілі «Toyota Fortuner» автокөлігіне тас лақтырған, нәтижесінде автокөліктің сол жақ жүргізуші терезесі мен алдыңғы әйнегі сынған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Н.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сот отырысында берілген түсініктермен, фото-кестемен және іс бойынша жинақталған өзге де дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.

Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушының кінәсін толық мойындауын және жасаған әрекетіне шынайы өкінуін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив