Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

ТЖМ тікұшағы Құлсарыдан Атырауға науқасты шұғыл жеткізді

«Қазавиаспас» АҚ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, науқасты шұғыл түрде тасымалдады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

1974 жылы туған ер адам шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Құлсары қаласынан Атырауға жеткізілді.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел жұмысының арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы тәулік бойы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін орындауға дайын.