Атырауда дрон көмегімен жолдағы құқық бұзушылықтар анықталуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері дронның көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдауда.
Мәселен, И.Тайманов пен Әбілқайыр хан – Мәденов көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser 150 және Hyundai Creta автокөліктерінің жүргізушілері көлікті жеңіл дәрежедегі масаң күйде басқарғаны анықталды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев көшесінде қауіпті маневр жасаған BMW жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыз! Мас күйінде көлік тізгініне отырмаңыз және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеңіз.
Сәуле МАҒАУ
