Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Сотпен анықталғандай, азаматша Р. Атырау қаласы СМП-136 мөлтек ауданында үйдің алдында түкіріп, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.
Р.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, бейнежазбамен өз дәлелін тапты.
Сот қаулысымен Р. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 275 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

