Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Нұрсаядағы қанды қылмысқа нүкте қойылды ма?

Атырауда 58 жастағы бастауыш сынып мұғалімін өлтірген 63 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қайғылы оқиға биылғы 16 наурызға қараған түні Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданында болған.

Сот материалдарына сәйкес, отбасылық жанжалдан кейін ер адам ұйықтап жатқан әйеліне пышақпен 11 рет соққы жасаған. Қанды оқиға ерлі-зайыптылардың 12 жастағы қызының көз алдында болған. Қыз әкесін тоқтатуға тырысқанымен, анасы оқиға орнында көз жұмған.

Марқұм Атырау қаласындағы №16 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен.

Соттың анықтауынша, қылмысқа күйеуінің негізсіз қызғанышы себеп болған. Айыпталушының әрекетті аффект жағдайында жасағаны туралы уәжін сот-психиатриялық сараптама растаған жоқ.

Сот үкімімен 63 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот оны жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтемақысын төлеуге міндеттеді.

Қайғылы оқиғадан кейін ерлі-зайыптылардың 12 жастағы қызы мемлекет қамқорлығына берілді.